386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия-Еуропа форумында сауда протекционизміне қарсы ортақ шаралар қабылдау талқыланды

  • 533
  • UPD: 10:54, 29.04.2017

Сауда протекционизміне қарсы ортақ шаралар қабылдау.

Бұл тақырып Азия-Еуропа Форумына қатысушы елдердің экономика министрлерінің кездесуінде талқыланады. Жиын биыл 21-22 қыркүйекте Сеулде өтеді деп жоспарланған. Кездесудің тәртібін форумға қатысушылар тағы бір пысықтады. Соңғы рет АСЕМ елдері экономика министрлерінің кездесуі 2005 жылы болған еді. Сеулде өтетін жиынға қатысушылар экономикалық байланыстарды күшейту, төртінші өнеркәсіптік революция стратегиясын, климаттың өзгеруін және шағын бизнесті қолдау мәселелерін қаузайды.

Әйгерім Қуат, ҚР ұлттық экономика министрлігі басқармасының жетекшісі:

- Азия-Еуропа форумы шеңберінде экономика, әлеуметтік қарым-қатынастар, қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Бүгінгі таңда Азия-Еуропа форумына 51 Еуропа және Азия мемлекеттері мүше. Қазақстан Республикасы аталған форумға 2014 жылдан мүше болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы