384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының болашақ жобалары таныстырылды

  • 996
  • UPD: 21:38, 22.05.2017

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы қазақстандық мұнай сервистік кәсіпорындардың қызметкерлері үшін форум өткізді.

Шарада жергілікті қамтуды дамыту мәселелері және Қарашығанақ кен орнын игеру бойынша жобаларға отандық бизнестің қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Форум ҚР Энергетика министрлігінің және облыстық әкімшіліктің қолдауымен «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Форум барысында «Қарашығанақ» компаниясының болашақ жобалары таныстырылды. Компания жергілікті кәсіпорындарды инновациялық технологиялармен таныстырып, қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға күш салып келеді.

Бейбіт Сабыров, «КПО б.в.» компаниясының Қазақстандық бизнесті дамыту жөніндегі басқарушысы:

– 2017 жылдың басында КПО жергілікті және шетел мұнай сервистік компаниялар арасында бірлескен кәсіпорды құруды міндетті шарт ретінде белгілеген бірқатар тендерді аяқтаған еді. Нәтижесінде технологиялық тұрғыдан күрделі ұңғымалық операцияларды жүзеге асыру үшін үш бірлескен кәсіпорын құрылып, олармен тиісті келісімшарттар жасалды. Осыған дейін бұл жұмыстар шетелдік мердігерлермен орындалып келген еді.

Форумда компания мен БҚО әкімшілігі және аймақтағы кәсіпорындар арасында мұнай-газ саласы үшін машина жасауды дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. БҚО әкімшілігі мен компания арасында жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды орнату жөнінде өзара түсіністік туралы келісім жасалды.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махұтов

Хабар 24 телеарнасы