389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жасалған аккумулятор Қытай елінде үлкен сұранысқа ие

  • 541
  • UPD: 13:49, 28.05.2017

Отандық өнім өндіруші тек шығыстағы көршіміздің өзіне жылына 700 мың аккумулятор сатуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде қытайлық компаниялар қазақстандық өнімді Бейжіңнің сауда орындарында ғана емес, интернет арқылы саудалай бастады.

«Қайнар» компаниясының Қытайдағы негізгі серіктесінің Бейжің қаласында он шақты дүкені бар. Оның үстіне өнімді көптеп жарнамалау және сату көлемін арттыру үшін ғаламторға басымдық бермек. Қазақстандық тауарды Қытай нарығында саудалайтын компания өнімді жеткізіп те береді.

Олардың айтуынша, біздің елде шығарылған аккумулятордың сапасы өте жоғары. Сондықтан оны жақсы бағада өткізіп, тұтынушыларға жоғары қызмет көрсету керек.  

Қали Байғазы, «Қайнар-АКБ» компаниясының Қытай нарығы бойынша менеджері:

-Біз бұдан бұрын Үрімші жаққа 800 данасын сатқанбыз. Әрі Қытай арқылы Африкаға да 500-600 аккумулятор жібердік. Он мың дананы тексеру барысында ерекше жақсы өнімге ие болды. Бірінші партияда 20 мың дана кіргізбекпіз. Жылына 700 мыңға дейін құлшынамыз. Жылына 3 млн өнім шығарып, соны бүкіл Қытайға сатсақ деп жоспарлап отырмыз.

Чжан Чуньгуан, Бейжіңдегі сауда компаниясының бас менеджері:

-Қазақстандық өнімді Қытайға әкелмес бұрын ішкі нарықтағы сұранысты зерттеп, сараптама жасадық. Сонымен қатар бірнеше рет өзіміздің өкілдерді өнім өндіруші компанияға жіберіп, нақты жағдайымен таныстық. Қытайда аккумулятор өндірісі жақсы дамыған. Алайда біздің нарық өте үлкен. Сапалы тауарға сұраныс бар. Қазақстандық аккумулятор суыққа төзімді, өзге тауарлардан сапалы болатынына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы