386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде азық-түлік өндірісі 5,7%-ға артты

  • 719
  • UPD: 20:25, 30.05.2017

Жыл басталғалы ауылшаруашылық өнімдері 2%-ға, ал тамақ өндірісі 5,7%-ға артты.

Бүгін агроөнеркәсіптік кешен бағдарламасы талқыланған Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов осылай деді. Қазір министрлік субсидиялау тәртібін өзгертіп, тиімсіз тұстарын алып тастады. Сондай-ақ биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 326 кооператив құрылуы керек болған. Бұл көрсеткішті 460-қа жеткізу жоспары бар. Жалпы, елімізде қазір 280-нен аса кооператив жұмыс істеп тұр. 

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Мал шаруашылығының субсидиялау талаптары өзгерді. Мәселен, бұрын сиыр етін өндіретін 175 шаруаға субсидия берілсе, қазір барлық 532 қожалыққа бөлінеді. Сондай-ақ кооперативтер құру бойынша да оң өзгерістер байқалады. Бірақ барлығы бірдей талапқа сай келе бермейді. Мұндай кооперативтерді талапқа сәйкестендірудің тиісті жоспары түзіліп, әкімдіктерге жолданды.

Иван Сауэр, «Родина» агрофиомасы» ЖШС бас директоры:

- Өзгерістердің арқасында біз өндірісті әртараптандыру бағытында жүйелі жұмысқа кірістік. Қазір май дақылдары алқаптарының ұлғайып жатқаны бекер емес. Бұл – мемлекеттік қолдау тетіктері дұрыс жұмыс істеп жатқандығының айқын көрінісі. Біздің субсидиялаудағы өзгерістерге көңіліміз толады. Алғысымыз шексіз. 

Хабар 24 телеарнасы