387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-орынды иеленді

  • 945
  • UPD: 20:55, 02.06.2017

Қазақстан әлемдегі 63 мемлекеттің бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-орында тұр.

Жыл басынан бергі экономикалық ахуалдың оң әсері арқылы еліміз 15 сатыға көтеріліп, 2014 жылғы ең жоғарғы көрсеткішін қайталады. Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан халықаралық даму менеджменті институты жүргізген зерттеудің нәтижесі 31-мамырда жарияланды. Бұл ұйым әлемдік бәсекеге қабілеттілік саласын саралап, экономикалық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі електен өткізді. Сол арқылы мемлекеттердің көшін қайта түзді. Бұл ретте экономикалық қызмет үкімет пен бизнес жұмысының тиімділігі және инфрақұрылым сынды төрт маңызды факторға баса мән беріліп, 340-тан астам көрсеткіш бойынша бәсекеге қабілеттік талаптары ескерілді. Айта кетейік, 2008 жылы елімізде алғаш рет осы ұйымның зерттеу жұмыстары жүргізілді. Былтыр оның тізімінде 47-орынға табан тіреп, ал биыл 15 сатыға қайта жоғарылап отырмыз. Көш басында Гонконг, Швейцария, Сингапур сынды елдер келеді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан сандық технологияларды көптеп қолдану арқылы ең жоғарғы деңгейіне көтерілді. Яғни Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көзделген мақсат-міндеттер  жүйелі іске аса бастады.

Хабар 24 телеарнасы