386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Австрия арасындағы алыс-беріс жақсы дамып келеді

  • 516
  • UPD: 21:21, 14.06.2017

Қазақстан экономикасы қарыштап дамып келеді. Сондықтан Австрия үшін мүмкіндігі мол Қазақстан нарығы маңызды болып қала бермек.

Бүгін екі елдің іскерлік кеңесінің 5-отырысында Австрияның ғылым, ғылыми зерттеу және экономика министрінің орынбасары осындай пікір білдірді. Бернадетт Гирлингердің айтуынша, екі ел  арасындағы ынтықмақтастықты бекемдей түсудің негізгі үш бағыты бар. Біріншісі -  сауда-саттық. Яғни алыс-берісті арттыру. Екіншіден, австриялық компанияларларға жасалалып отырған инвестициялық мүмкіндікті ұтымды пайдалану. Кейін ЭКСПО көрмесінде белсенділік таныту. Соңғысы маңызды - дейді Бернадетт ханым. Өйткені, халықаралық шара аясында баламалы энергия көздерін алуда үздік жобаларды таныстырып, қыруар қаржы табуға мүмкіндік мол.  

Бернадетт Гирлингер, Австрияның Ғылым, ғылыми зерттеу және экономика министрінің орынбасары: 

- Екі ел арасындағы алыс-беріс артып келеді деуге толық негіз бар. Статистикалық деректерге ден қойсақ, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында экспорт  көлемі 20 пайызға көбейген. Орталық Азиядағы Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстан біздің сенімді сауда серіктесіміз. Ал ТМД елдері бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші сатыда тұр. Екінші орынға шығуына да мүмкіндік мол. Өйткені Қазақстан Австрияға мұнай мен қара алтын өнімдерін жеткізетін бірден бір ел.

Хабар 24 телеарнасы