Бундестаг өкілі: Қазақстанның дәстүрлі энергиядан бас тартуын қолдаймыз

Бундестагтың халықаралық істер жөніндегі комитет өкілі Андреас Янның пікірінше, EXPO-ны өткізу бизнес үшін мол мүмкіндікке жол ашады.

Көрме кезінде Астана келісімшарттарға қол қойылатын және іскерлік келіссөздер мен бизнес семинарлар өтетін бірегей алаңға айналады. Саясаткер неміс экономикасының қозғаушы күші - шағын жəне орта бизнес екенін ерекше атап өтті. Жəне бүгінде көптеген неміс кəсіпкерінің Қазақстанмен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін айтады.

Андреас Ян, Германия Парламенті халықаралық істер жөніндегі комитетінің хатшысы: 

- Қазақстанның ЕХРО 2017 көрмесін өткізіп жатқанына өте қуаныштымын. Маңызды шараны сәтті өткізулеріңізге тілектеспін. Германия осы көрмеге қатысуға ниетті. Бұл ынтымақтастығымызды кеңейтудің тамаша мүмкіндігі. Қазақстанның дəстүрлі энергия көздерінен бас тартқалы жатқан бастамасын құптаймын. Энергия қуатын тиімді пайдалану өте қызықты іс. Германия осы салада көш бастап келеді. Ұйымдастырушылардың «Болашақ энергия» тақырыбын таңдағанына өте ризамыз.