384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда алтыншы инновациялық форум өтіп жатыр

  • 565
  • UPD: 13:00, 30.06.2017

Іскерлік алаңы аясында қаланың тыныс-тіршілігін жақсартып, өзекті мәселелерді шешетін жаңа технологияларды қолдану тәсілдері талқыға салынды.

Алматыда өтіп жатқан алтыншы инновациялық форумда негізгі көтерілген мәселе – қаладағы қордаланған экономикалық-экологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешуде инновациялық жаңа тың жобаларды ұсыну.

Бұл ретте Алматы қаласы еліміздегі инновациялық жобаларды қолдануда көшбасшы екенін айта кетейік. Қалада «Алатау» инновациялық паркі жұмыс істейді. Ол жерде 110 компания инновациялық жобаларды smart және IT жүйелерін іске асырып келеді.

Форум барысында халықаралық сарапшылар өздерінің ойларын білдерді. Олардың ішінде АҚШ, Израиль, Дания, Грузия мемлекеттерінің өкілдері бар.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыда қолданып жатқан инновациялық жобаларға тоқталды.

Бүгінгі уақытта қалада 400 жоба қаралып, 200 қабылданды. Олар негізінен қауіпсіздік мәселесін, жол жөндеу, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы салаларында кеңінен қолданып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар туризм саласындағы кәсіпкерлікті және спорт мәселесінде де бұл инновациялық жобалардың орны ерекше екені айтылды.

Кешке дейін жалғасын табатын форум барысында технологтар өздерінің тың жобаларын ұсынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы