EXPO-2017 көрмесінде Гана елінің ұлттық күні аталып жатыр

Бүгін EXPO-2017 көрмесінде ұлттық күнін атап өту реті Гана республикасына келіп жетті. Гана – Батыс Африкадағы шағын ғана ел. Халқы өзгелердей пайдасы мол баламалы энергияны қолдайды. Сондықтан осы маңызы зор халықаралық шараға қатысуға ниет білдірген.

Айта кетейік, Африка плазасында дәл осындай 21 мемлекет жасыл энергетикаға қатысты жобаларын ұсынып отыр.

Гана республикасының павильонында елдің тарихы мен дәстүрі ғана емес, сонымен қатар балама энергия көздеріне деген заманауи көзқарастар көрініс тапқан. Ганалық ғалымдар да жасыл энергияны өндіретін түрлі жолдарды талқылап, оны өздеріне ендіруді көздейді. Баламалы энергия саласы дамыған мемлекеттермен іскерлік байланыс орнатуды жоспарлап отыр. Делегацияны басқарып келген Ахенкор Кингсли EXPO-2017 көрмесі ел энергетикасының дамуына жаңа серпін беретіндігін атап өтті. Мереке аясында мәдени мұраға бай бағдарлама ұсынылды.

Гана әртістері өткен күннен болашаққа бастар қадамды, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дамуға деген құлшынысты айқындайтын «WHEELS» мюзиклін қойды. Гана ұлттық күнін «Гана жаңғыртылатын энергия көздерінің мүмкіндіктер мекені» тақырыбындағы бизнес-форумы жалғастырды.

Енді Гана туралы аз-кем ақпарат бере кетсек, республика тәуелсіздік күнін 1975-ші жылдан бері атап өтіледі. Тәуелсіздік алғанымен Британ ынтымақтастығының құрамында қалды. Ел астанасыАккра, ресми тілі ағылшын.