Британдық бизнесмен Астанадағы ЭКСПО-дан алған әсерімен бөлісті

ЭКСПО-ны тамашалаған британдық бизнесмендер көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп жатыр. Олар құлашына кеңге жайған ауқымды шара Қазақстанның зор әлеуетін әлемге танытып жатқанына сенімді.

Абзал Амин, бизнесмен: 

- Мен Астанадағы ЭКСПО-дан өте ерекше әсер алдым. Павильондар керемет. Әсіресе мені ЭКСПО орталығында орналасқан Қазақстанның зор әлеуетін танытатын сфера таң қалдырды. 100-ден астам елді тартқан шара сіздердің елдеріңіздің әлемдегі ірі ойыншылардың бірі екендігін көрсетіп отыр. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде ел дамуына экономикалық тұрғыда болсын, саяси тұрғыда болсын өлшеусіз үлес қосқандығын айқындайды. Бірнеше павильон ерекше әсер қалдырды. Әсіресе АҚШ-тың шығармашылық әрқилылығын танытатын көрмесін ерекше деп айтар едім.