378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша кеңес өтті

  • 824
  • UPD: 18:41, 14.07.2017
ИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша кеңес өтті

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында Индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру бойынша жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге егжей-тегжейлі жоспар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев құзыретті мемлекеттік органдарға Индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сөзсіз іске асыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ақпарат көзі: primeminister.kz 

Хабар 24 телеарнасы