389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күріш тұқымына берілетін субсидия көлемі өсті

  • 776
  • UPD: 12:31, 15.07.2017

Парламент Мәжілісінің депутаттары Абзал Ерәлиев пен Генадий Шиповских Қызылорда облысының күріш алқаптарын аралап жүр.

Халық қалаулылары Жалағаш элеваторына барды. Күріш зауыты 60 мың тонна дәнді қабылдап, тазалап, кептіріп сақтауға қауқарлы. Заманауи құралдардың көмегімен аса сапалы 2, 3-кластық тұқымдар әзірленіп, шаруашылықтарға таратылады. Ағымдағы жылы Краснодар өлкесінен 333 тонна «Лидер», «Фаворит», «Янтарь» сұрыптарының элиталық тұқымдары сатып алынды. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия ала жаздай атыз жағалаған егінші қауымның мол өнім алуына оң ықпал етіп отыр. Былтыр рекордық өнім жинаған Сыр диқандары биыл да қамбаны ақ күрішке толтырудан үмітті.

Абзал Ерәлиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Субсидия қазір қалып тұр, 18 мың теңге гектарына беріліп жатыр. Оған қоса ең жоғарғы өнімнің кепілі болатын тұқымға берілетін субсидия көлемі өсті. Қазір 1-репродукцияға 91 мың теңге тоннасына беріледі, 98 мың теңге «Элита» тұқымына беріледі.

Хабар 24 телеарнасы