383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диқандар көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына төмен пайызбен несие алды

  • 467
  • UPD: 21:53, 21.07.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары астықтан биыл да мол өнім алып жатыр.

Фермерлер қамбаға құйылған бидайды көрші Өзбекстанға экспорттамақ. Диқандар көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан төмен пайызбен несие алған. Соның арқасында шаруалар қазірдің өзінде әр гектарына орта есеппен 18 центнерге жақын бидай орып жатыр.

Қазығұрттағы «Амангелді» ЖШС-нің егістік алқабында 20-ға жуық комбайн тынымсыз егін орып жатыр. Олардың әрқайсысы күніне 40 гектар алқапты еңсеріп, қамбаға тәулігіне 200 тонна астық құюда. Жаңа техника орған соң түсім де жақсы.

Жандарбек Қошаев, механизатор:

Компьютер денесіндегі барлық агрегаттардың қалай жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Ақауы болса, белгі береді.

Қожалық арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесін алған. Бидайдың жоғары сұрпын егеді. Биыл «Аграрлық несие корпорациясынан» 2 пайыздық үстемемен несие алыпты. Серіктестік 13 мың гектар жердің 90 пайызына бидай еккен.

Қанатбек Нұрмаханбет, «Амангелді» ЖШС бас агрономы:

– Көктемгі дала жұмыстарына арнайы берілген несиенің арқасында әрбір жұмысымыз уақтылы орындалып, жанар-жағармай мен амиякты селитраны уақытылы беріп, соның арқасында жақсы өнімге қол жеткізіп отырмыз.

Оңтүстіктегі 900-ден аса шаруашылыққа «Аграрлық несие корпорациясы» 2,5 миллиард теңге үлестірген. Бұдан бөлек нәтижелі жұмыспен қамту және «Агро экспорт» жобасы жүзеге асырылып жатыр екен. Бұл ет экспортының әлеуетін арттырады.

Асланбек Исахов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ОҚОФ бас маманы:

– Бұл бағдарлама аясында шаруашылықтар май, ет өнімін өндіруге, құс және шошқа етін өндіруге, жем-шөп шығаруға үлкен мүмкіндік бар. Қаржы 50 миллион теңгеден жоғары 8 пайыздық үстемемен 10 жылға дейін беріліп жатыр.

Ал биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарында шаруаларды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінген.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы