384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де халықаралық форум өтіп жатыр

  • 1346
  • UPD: 08:55, 25.07.2017

«Жасыл экономика» жастардың қолында.

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық форум өтіп жатыр. Оған Ұлыбритания, Түркия, Мысыр секілді Еуропа мен Азия елдерінің 50-ден астам өкілі қатысты. Мақсат – «жасыл экономикаға» негізделген ақпараттық-технологияларды дамытуда өзара тәжірибе алмасып, жаңа жобалар жасау. Бұл ретте университет қабырғасында жазғы мектептің де жұмыс істеп жатқанын айта кету керек. Соның аясында халықаралық ІТ технопаркін қалыптастыру жоспарланған.

Ерлан Шайхығали, студент:

– Тұрақты даму дегеніміз – ол қазіргі біздің қажеттіліктерімізді қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақ мұқтаждығына жауап беру. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануы, сонымен қатар адам санының өсуіне байланысты тұрақты даму жобасы бүкіл мемлекеттер, БҰҰ мемлекеттері арасында басты мақсат болып табылады. Осыған байланысты біздің жазғы мектеп осы мәселелерді шешуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы