383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана мен Сингапур 3 бағыттағы жобаларды іске асырады

  • 528
  • UPD: 21:24, 25.07.2017

Астана мен Сингапур өкілдері бірлесіп, үш бағыттағы жобаны іске асырады.

Тараптар бимтехнологияларды қолдана отырып, жасыл құрылыс жүргізуді қолға алады. ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында Сингапурдың ұлттық күнін атап өту кезінде осындай мәлімдеме жасалды. Шара аясында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастырылды. Оған Астана әкімі Әсет Исекешев пен Сингапур Республикасының сауда және индустрия аға министрі Ко По Кун мырза бастаған аталмыш елдің делегациясы қатысты. Кездесу аясында қала басшысы қонақтарды елорданың даму жоспарымен таныстырды. Болашақта Астана xалықаралық қаржы орталығын құрумен қаланы "ақылды" әрі қауіпсіз етіп, өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастыру жөнінде айтып берді. Басқосуда Қазақстан тарапынан нақты жобалар ұсынылды. Олардың дені қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, білім, қауіпсіздік салаларында қалаларды жоспарлау және басқару жүйесіне смарт-теxнологияларды енгізуге байланысты.

Ко По Кун, Сингапур Республикасының сауда және өнеркәсіп аға министрі:  

- Біз кездесудің соңында жобаларды үш бағыт бойынша бірлесіп іске асыруға және ынтымақтастық орнатуға келістік. Алдымен, «ақылды» инфрақұрылым негізінде регламенттерді енгізіп, жұмысты ұйымдастыруымыз керек. Сондай-ақ цифрлық инжиниринг пен жобалау кезінде бим-технологияны қолдана отырып «жасыл» құрылыс жүргізуді қолға аламыз. Екінші келісім қоғамдық көлік, тұрақтар, жолдар құрылысын жоспарлау, қоғамдық көлік саласында ынтымақтастық жасасуға байланысты болды. Тағы бір жобаға сәйкес смарт-технологияларды қолданумен қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты арттыруға ниетіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы