389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында отандық ғалымдар тұқым шаруашылығын дамыту жайын талқылады

  • 528
  • UPD: 14:57, 28.07.2017

Кербұлақ ауданында үш тұқым шаруашылығы болса, қазір оның бірі де жоқ.

Сол себепті жергілікті диқандардың өздері өсірген дәнді дақылдарды тұқымдыққа алып қалып, амалдап отырған жайы бар. Тұқым таза, әрі сапалы болмағандықтан, егіс алқаптарынан арпа мен сұлының, бидайдың аралас өсіп жатқанын көруге болады. Бұл жағдай өз кезегінде өнімділікке кері әсер етеді. « Сондықтан тұқым шаруашылығын дамыту жұмыстарын қолға алып, заманауи зауыттар салуымыз керек»,- дейді ғалымдар. Кербұлақ ауданында барлығы 136 мың гектар егіс алқабы бар. Ағымдағы жылы соның 108 мың гектарына егін егілген. 24 мың гектары күздік бидай болса, қалғаны жаздық арпа-бидай мен майлы дәнді дақылдар. Қазір мұнда егін орағы қызу жүріп жатыр. Аудан шаруалары қара бидайдың әр гектарынан орта есеппен 25 центнерден өнім алып жатыр.

Марат Нұрбеков, «Ақтан» шаруа қожалығының басшысы:

– Негізгі тұқым жағынан қиыншылықтар туындап отыр. Біздің ауданда тұқымдық шаруашылық жоқ, тұқым таба алмаймыз. Өзіміздің еккен бидайларды жылда егіп, тыңайтқыш қосамыз. Тұқым жағынан қиын боп тұр.

Сейіткәрім Қалтаев, Қазақ егіншілік және өсімдік ҒЗИ меңгерушісі:

– Тұқым шаруашылығының негізгі жұмыстарының бірі – зауыттар салу. Өйткені шығарған тұқымдарымыздың бәрін кондицияға жеткізбейміз. Мына тұқымдардың нашар болып жатқан себебі сол. Жүгерінің төңірегі болсын, қант қызылшасы мен бидайдың төңірегі болсын, әр жерден бір-бір зауыт салу керек. Онсыз тұқым шаруашылығын ары қарай дамыта алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы