382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы БАӘ мен Еуроодақ елдерінде өкілдіктерін ашады

  • 975
  • UPD: 15:21, 28.07.2017

Бұл туралы инвестиция тарту департаментінің директоры Жандос Оразалиев хабарлады.

Оның айтуынша, қазір Қытай мен АҚШ-та, және Ресей мен Түркияда осындай мекемелер бар. Солар арқылы 2005 жылдан бері елімізге 248 миллиард доллар инвестиция тартылған. Биыл шетелдік инвесторлармен 160 кездесу ұйымдастырылды. 33 трансұлттық корпорациямен келіссөз жүргізіліп, бірқатар меморандумға қол қойылды. Келешекте елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға екпін беріледі. Мәселен, келер жылдан бастап отандық ет өнімдерін бүкіл әлемге белгілі МакДональдс компаниясына жіберу жоспарда бар.

Жандос Оразалиев, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ департамент директоры:

Алдағы уақыттағы қысқа мерзімді жоба жасалынды. Сол жұмыс жобасына байланысты нақты елдермен нақты қадам жасап, өзіміздің белгіленген экономика секторларына, машина жасау, ауыл шаруашылығы, металлургия, тамақ өнімдері, мұнай, фармацевтика салаларына инвестиция тарту жолдарын қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы