386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана несие төлеу қабілеттілігін жоғарылату халықаралық рейтингіне кірді

  • 550
  • UPD: 15:01, 02.08.2017

Moodys Халықаралық рейтинг агенттігі елорданың инвестициялық және несиелік әлеуетінің болжамын «жағымды» деп өзгертті. Осы арқылы еліміздің бас қаласы несие төлеу қабілеттілігін жоғарылату халықаралық рейтингіне енген.

Сарапшылар ағымдағы баланс пен қаланың экономикалық дамуы көрсеткіштерінің талдау нәтижелері бойынша Астана рейтингін Ваа3 деңгейінде растаған.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, елордада несие төлеу қабілеттілігі деңгейінің өзгеруіне бірнеше факторлар әсер еткен. Атап айтар болсақ: ағымдағы бюджеттің іске асырылуының жоғары көрсеткіштері, қарыз берешегінің төмен пайыздық деңгейдегі көрсеткіші, қайта несие рәсімдеуде жоғары емес пайыздар, жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері, қаланың қарқынды экономикалық дамуы. Сонымен қатар жүйелік қысымның азайғаны да аталған. 

Хабар 24 телеарнасы