385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хайнань провинциясы экономика саласында Қазақстанмен байланыс орнатпақ ниетте

  • 526
  • UPD: 22:16, 13.08.2017

Қытай туризмді дамыту тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Бүгін бұл туралы ЭКСПО қалашығында өткен Хайнань провинциясының күндеріне арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Хайнань шаһары Аспанасты еліндегі жалғыз тропикалық қала. Бұл өңірдің туристік әлеуеті зор. Осының арқасында былтыр ел экономикасына 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйылды. Қытайлықтар Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптес ретінде санайды. Бүгінде олар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Отандық тауар өндірушілеріміздің өнімдерін тұтынып, осы салаға қаражат салуға әзір.

Ли Чжицзие, Хайнань провинциясы халықаралық сауда ынтымақтастығы комитетінің төрағасы:

Қазақстан мен Хайнань провинциясы экономиканың сан саласында байланыс орнатады деген үміттеміз. Біз сіздің мемлекет үшін туризм нарығын 100 пайыз ашуға дайынбыз. Көрген-білгенімізбен бөлісуге өзіміз де мүдделіміз. Жалпы екіжақты ынтымақтастықты бірнеше бағыт бойынша дамытуға болады. Мәселен, бізде тропикалық жемістер экспорттайтын мүмкіншілігіміз бар. Бұдан бөлек қос елде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруды ұсынып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы