387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде кәсіпкерлердің бизнес нысандарын тексеруді жеңілдететін институт құрылады

  • 598
  • UPD: 14:26, 31.08.2017

Елімізде отандық кәсіпкерлердің бизнес нысандарын тексеруді жеңілдететін профилактикалық қадағалау институты құрылады.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Құрылым кәсіпкерлердің жұмысына біршама жеңілдік әкелетінін мәлімдеген ведомство басшысы кәсіпкерлердің өз ісін дамытуға барынша жағдай жасалады деді. Мысалы тексеріс кезінде заңбұзушылық дерегі анықталса, бұрынғыдай бірден айыппұл салынбайды. Алдымен оны орындауға белгілі бір уақыт беріледі. Қайта тексеріс кезінде олқылық қайта қалпына келтірілмеген жағдайда ғана шара қолданылады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бұл өте ұтымды шешім болды. Мұны мемлекеттік органдармен кеңесіп, ортақ шешімге келу оңай болған жоқ. Бірақ бізді заң шығарушы органдар қолдайды деген ойдамын. Профилактикалық қадағалау институты келесі жылы жүзеге асырылмақ.

Хабар 24 телеарнасы