387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада бизнес-омбудсмендердің форумы өтті

  • 513
  • UPD: 21:23, 02.09.2017

Қазақстан мен Ресей омбудсмендері кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында бірігіп жұмыс істейді. Бизнес иелерінің құқықтарын қорғап, заңдық тұрғыдан жәрдем бермек. Осы орайда екі тарап бірнеше келісімге қойды.

Бұл жайында бүгін Астанада екі ел бизнес-омбудсмендерінің қатысуымен өткен форумда айтылды. Жиынға Ресейдің 40 аймағынан, ал Қазақстанның 16 өңірінен өкілдер қатысты. Айта кетейік, мұндай жиын 2016-жылы Мәскеуде өткен еді.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰП басқарма төрағасы:

– Біздің басты жұмысымыз бен міндетіміз – кәсіпкерлікке қатысты кедергілерді болдырмай, бизнестің алға басуына барынша жағдай жасау. Осы бағытта прокуратурамен әкімшілік, құқықтық кедергілерді жою мақсатында жұмыстар жалғасады. 

Хабар 24 телеарнасы