386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Түркия арасында 9 инвестициялық құжатқа қол қойылды

  • 719
  • UPD: 15:28, 09.09.2017

Қазақстан мен Түркия арасындағы серіктестіктің іргесі беки түсті.

Kazakh Invest ұлттық компаниясы мен түрік компаниялары арасында жалпы сомасы 590 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық құжатқа қол қойылды. Аталған келісім еліміздің әр өңірінде ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары, машина жасау, химия өнеркәсібі, тау-кен өнімдерін және энергетика өндіруге мүмкіндік береді. Бауырлас елдердің компаниялары бұл жобаларды биылдан бастап жүзеге асыруды көздеп отыр.

Айта кету керек, соңғы бес жылда түрік инвесторларымен 667,5 млн АҚШ долларына тең 18 жоба іске асқан.

Жандос Оразалиев, Kazakh Invest ҰК АҚ инвестиция тарту департаментінің директоры: 

- Жобалар әртүрлі салаларда болады. Агро, машина жасау сияқты салалар бар. Бұл өзіміздің ұлттық саясатымыз, яғни инвестициялар тарту стратегиясына байланысты. 9 меморандумға қол қойдық. Олар біздің елге келмес бұрын маркетингтік зерттеулер жүргізді. Еліміздің инвестицияға қолайлылығын жүргізді. Сондықтан бұлар елімізге жаңадан келіп жатқан компаниялар.

Хабар 24 телеарнасы