389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Ұлттық экономика министрі: Азық-түлік бағасының қымбаттауына негіз жоқ

  • 488
  • UPD: 18:58, 12.09.2017

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, соңғы 8 айда азық-түліктің бірнеше түрі бойынша дефляция жүріп жатыр.

Министр халықты кей сарапшының азық-түлік бағасының шарықтап кетуі мүмкін деген болжамына сене бермеуге шақырды. Өйткені Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауында ұстайды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- EXPO басталар кезде осы мәселе көтерілген еді. Енді міне шара аяқталған соң тағы қайталанып отыр. «Азық-түлік бағасы шарықтайды. Бағын қолдан ұстап келген», – деп жатыр. Барлық дүкендегі бағаны қолдан ұстап тұру мүмкін емес. Азық- түлік тауарлары бойынша дефляция болды. Кей тауарлардың бағасы арзандады. Бұл жағдай алдағы бірнеше айда жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы