386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте қазақстандық өнімдер көрмесі өтіп жатыр

  • 683
  • UPD: 15:34, 15.09.2017

Ресми Ташкентте бүгін қарбалас.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп жатыр. Бұл жиын екі елдің экономикалық қарым-қатынасына қарқын қосары сөзсіз. Қос мемлекеттің байланысы бұрыннан бекем екені баршаға аян. Стратегиялық серіктестер кейінгі кезде алыс-берісті барынша ұлғайтып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айында өзара тауар айналымы 35 пайызға артты. Бүгін форум аясында өтіп жатқан көрме сол ілкімді істерді ілгері бастыруы тиіс.

Ташкентте 70-ке жуық отандық компанияның өнімдері көрмеге шығарылды. Мәселен, көлікқұрастыру, фармацевтика, құрылыс, IT саласының мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, білім саласына екпін берілді. Көрші елдің іскер өкілдері Назарбаев Универститетінің білім-ғылым, медицинада қол жіткізген жетістіктерін көре алды. Бұдан өзге ұлттық компаниялардың да жетістіктері жан-жақты насихаталып жатқанын атап өткен жөн. Өзбек кәсіпкерлері біздің өнімдерге қызығушылық танытып отыр. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда өндірілген маталарды аламыз деген құлшыныстары бар. Бұл сөзді Консорциум жасампаз компаниясының мүшесі нақытылай түседі.

Айдархан Әлімбаев,  «Азала текстиль» ЖШС өкілі:

– Жоғарыда қос елдің тауар айналымы соңғы жарты жылда 35 пайызға өскенін айттық. Бұл көрсеткішке кеден бекеттерінде жасалған жеңілдіктер себеп болды. Бұл мәліметті Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек келтірді.

Министрдің сөзінше, байланыстың осы қарқыны жалғасса, жыл соңына дейін тауар айналымы 2 миллиард долларға жетеді. Тек бүгінгі форум шеңберінде 800 миллион доллардың келісімі жасалады деген жоспар бар. Бұл мақсаттың орындалуын осы қазақ-өзбек бизнес-форумы айқындап тұр. Өйткені екі елдің іскер өкілдері сан-салада ынтымаққа әзір.

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев

Хабар 24 телеарнасы