384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қостанайда бірқатар ірі жоба жүзеге асырылады

  • 551
  • UPD: 12:10, 22.09.2017

Қостанай облысында өңірдің инвестициялық стратегиясын саралаған халықаралық форум өтті.

Екі күндік жиын барысында Өзбекстан, Ресей, Польша, Қытай, Мысырдан келген мемлекеттік компаниялар мен бизнес қауымдастық өкілдері аймақтағы іргелі кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты. Сарапшылар: «Қостанай облысы – экономиканың төрт саласы бойынша инвестиция салуға қолайлы аймақ», – деп отыр. Форум барысында құны 200 млрд теңге болатын 10 жоба бойынша екіжақты меморандумға қол қойылды. Бұл өңірде қосымша 2 мың адамға жұмыс орнын ашпақ. Атап айтқанда, биыл Қостанайда ресейліктермен бірлескен лифт шығаратын зауыт іске қосылады. Ал Польша кәсіпкерлері Тобыл өңірінде ауылшаруашылық кластерін құруға ынталы. Қытайлық компания болса, индустриалды аймақта автобөлшектер шығаратын өндіріс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Ванг Вейминь, Мемлекеттік компанияның бас директоры /Қытай/:

- Қостанай облысында автоөндірісті дамытуға мүмкіндік зор. Ең бастысы сырлау технологиясы бар, кәсіби мамандар жеткілікті. Бұл өте маңызды. Біз осы жерде шыны, резеңке бөлшектерін шығаратын өндірісті жолға қойсақ дейміз.

Михаил Молочников, Компания директоры /Ресей/:

- Өңірде табиғи ресустардың, энергия көздерінің, қажетті материалдардың қолжетімділігі қызықтырады. Дайын өнім шығаруға болады. Бірлескен кәсіпорындағы лифт өндірісінде Қазақстан үлесі 60% шамасында деп отырмыз. Жаңа жобаның табысты және сұранысқа ие болатындығына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы