386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергетика министрлігі: Air Astana жанармайдан тапшылық көрмейді

  • 476
  • UPD: 19:36, 25.09.2017

Жанармай тапшылығы туралы Air Astana әуекомпаниясының мәлімдемесіне қатысты Энергетика министрлігі пікір білдірді.

Ведомство басшысының орынбасары ұлттық компанияның мұнlай мәлімдеме жасауына еш негіз жоқ деп отыр. Әсет Мағауовтың айтуынша, оңтүстіктегі мұнай өңдеу зауытына күрделі жөндеу жүргізілмейді. Өйткені зауыт қондырғылары көктемде ғана жөндеуден өткен. Тек алдағы уақытта дизельді отынды тазарту қондырғысын жаңарту жоспарланып отыр. Алайда бұл жұмыстар ұшақ отыны мен жанармайды өндіруге ешбір әсер етпейді.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

– Шілдеден бастап жанармай қоры азая бастады. Дегенмен импорттың көмегімен жағдайымызды реттеп алдық. Мәселен, соңғы бір аптаның ішінде АИ-92 маркалы бензин қоры 120-128 мың тоннадан 134 мың тоннаға өсті. Осылайша ол 5 пайызға артты. Өздеріңізге белгілі еліміздегі бензиннің 30 пайызы сырттан әкелінеді. Әсіресе Ресейден тасымалданады. Мәселен, маусымда 42 мың тонна, шілде мен тамыз айларында 60 мың тонна импортталды. Қазір жанармай құю базаларында қор жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы