387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда индустриалды аймақтардың ашылуы кәсіпкерлікті дамытады

  • 654
  • UPD: 08:13, 02.10.2017

Павлодар облысында үш бірдей индустриалды аймақ құрылады. Олардың біреуі облыс орталығында болса, қалған екеуі Ақсу мен Екібастұз қаласында іске асырылады.

Бұл кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге сеп болмақ. Екібастұз қаласындағы индустриалды аймақта қазір бірнеше кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Онда раушан гүлдерін өсіретін жылыжай кешені, жылу оқшаулағыш материалдар мен қазандық жабдықтарын шығаратын зауыт орналасқан. Жуық арада қызанақ өсіретін жылыжай мен техникалық кремний шығаратын өндіріс іске қосылады. Ал Павлодардағы индустриалды аймақ инвесторларды қабылдауға дайын тұр. Онда металл бұйымдарын, арнайы техника мен ауыл шаруашылығы жабдықтарын шығаратын кәсіпорын салынбақ. Жобаның артықшылықтарымен польшалық инвесторлар танысып, көкөніс өсіру және өңдеу кәсіпорындарын салуға ниет білдірген.

Данияр Шаймарданов, облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының жетекшісі:

- Индустриалды аймаққа ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар орналастыру жөнінде Польша  инвесторларымен келіссөздер жүріп жатыр. Ақсу қаласында индустриялды аймақ үшін 50 гектар жер бөлінді. Қазіргі кезде екі байыту фабрикасын, «Минерал индастриз груп» кәсіпорынын орналастыру жоспарланып отыр. Аталған индустриалды аймақтар қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Автокөлік жолдары бар. Жылу және су тартылған.

Хабар 24 телеарнасы