384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Ұлттық банк төрағасы: Қазақстанның сыртқы борышының көлемі ұлғайды

  • 1361
ҚР Ұлттық банк төрағасы: Қазақстанның сыртқы борышының көлемі ұлғайды sobytiya.net

 

2017 жылғы 1 шілдеде ҚР-ның сыртқы борышы 167,9 млрд АҚШ доллары болды.

Оның 7,9%-ы немесе 13,2 млрд АҚШ доллары – мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, 3,7%-ы немесе 6,2 млрд АҚШ доллары – «Банктер» секторының сыртқы борышы, 25,2%-ы немесе 42,4 млрд АҚШ доллары – «Басқа секторлардың» тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі, қалған 63,2%-ы немесе 106,1 млрд АҚШ доллары осы сектордың фирмааралық берешегін құрайды.

Бұл жайлы  ҚР Ұлттық банкінің төрағасы бүгін  Астана  қаласындағы  Орталық  коммуникациялар  қызметінің  алаңында  өткен  баспасөз конференциясында  журналистердің  сұрақтарына  берген жауабында  айтып берді.

Данияр Ақышев сондай-ақ мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, негізінен халықаралық капитал нарығында шығарылған тәуелсіз еурооблигациялар құнының өсуі және бейрезиденттер тарапынан Ұлттық банктің қысқамерзімді ноттарына деген сұраныстың артуы есебінен 0,4 млрд АҚШ долларына өскендігін хабарлады.

«Фирмааралық берешек, негізінен мұнай-газ жобаларын бұдан әрі қаржыландыру және тікелей инвесторлар алдындағы төленбеген  дивидендтер және қарыздар бойынша сыйақы бойынша берешектің өсуі есебінен 1,8 млрд АҚШ долларына ұлғайды», – деді Д.Ақышев.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, ІЖӨ және тауарлар мен қызметтер экспорты көлемінің өсуі сыртқы борыштың салыстырмалы түрдегі өлшемдерінің жақсаруына ықпал етеді. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы жыл басындағы 119,3%-бен салыстырғанда 112,4%-ды, сыртқы борыштың ТҚЭ қатынасы – 375,8%, салыстырғанда 336,6% болды.

«2017 жылғы I жартыжылдықта Қазақстанның таза сыртқы борышы ІЖӨ-ге қатысты 27,6%-ды құрай отырып, 3,1 млрд АҚШ долларына 41,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», – деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы.

Сол сияқты ол мемлекеттік сектор бұрынғыдай қалған әлемге қатысты таза кредитор позициясын, «Басқа секторлар» және «Банктер» секторы – таза борышкер позициясын сақтап отырғандығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы