384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Қазақстан 2020 жылға дейін транзиттен 5 млрд доллар пайда табады

  • 436
  • UPD: 15:41, 14.11.2017

Қазақстан жаһандық транзиттік орталық. Өйткені Орталық Азиядан Еуропаға тасымалданатын жүк еліміз арқылы өтеді.

Сондықтан аймақтағы көліктік дәліз мәселесін бір жолға қою күн тәртібіндегі мәселердің бірі. «Орталық Азия жаһандық транзиттік орталық ретінде» атты конференцияда бас қосқандардың пікірі осындай.

Сарапшылардың айтуынша, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қырғызстан транспорттық коммуникацияны дамытуға қызығушылық танытып отыр. Біздің еліміз де интеграциялық байланыстарды нығайту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Мамандар Қазақстан 2020 жылға дейін транзиттен 5 млрд доллар пайда табатынын айтады. Өйткені Қытайдан Еуропаға тасымалданатын транзит көлемі жыл санап артып келеді. Алдағы уақытта Ресейден Орталық Азияға баратын жүк көлемі де ұлғаяды. Мәселен, 2020 жылға дейін еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі 2 миллион контейнерге жетеді деп жоспарланған.

Санат Көшкінбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ  директорының орынбасары:

– Әлемдік тауар айналымы қарқын алды. Бұл ретте Еуропа мен Азия арасындағы байланысты айтпасқа болмайды. Алыс-беріс теңіз жолдары арқылы жүргізіледі. Біз оған бәсеке бола алмасымыз белгілі. Бірақ оның балама жолдары бар. Мәселен, Қазақстан арқылы жүк тасымалдау ең алдымен уақытты үнемдейді. Теңіз арқылы 45-60 күнде баратын тауарды 2 аптада діттеген жерге жеткізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы