380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» ХҚО ресми түрде келер жылдың шілдесінде ашылады

  • 608
  • UPD: 10:31, 05.12.2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы келер жылдың қаңтарынан бастап жұмысқа кірісіп, тек шілде айында ресми түрде ашылады.

Бұл туралы бүгін орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Үкімет отырысында ол «Астананың» келер жылдан бастап транзакциялар жасауға дайын болатынын айтты. Қайрат Келімбетовтың сөзіне сенсек, ұлттық компаниялардың акциясын саудаға шығару жергілікті нарық капиталын дамытады. Сол арқылы елорданың қаржы алаңын Орталық Азия деңгейінде танытуға мүмкіндік туады.

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

- Алдағы жылдарға арналған басым бағыттар айқындалды. Соған сәйкес, нарық капиталын, активтер саудасын және жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару мен қаржы технологияларын дамыту межелі міндетіміз болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы