366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік шоттарға жасырылған қомақты қаржыны елге қайтару жұмыстары қолға алынды

  • 373
  • UPD: 18:48, 07.12.2017

Шетелдегі шоттарда жатқан миллиардтарды қайтару бойынша тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Бұл жөнінде еліміздің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы еліміздегі 10-нан аса компанияны сынға алды. Миллиардтаған қаржы елге қайтарылып, Қазақстан экономикасына жұмыс істесін деген болатын.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Аталған 14 компаниямен біз тиісті жұмысты жүргізіп келеміз. Біздің конвенцияларға қол қойдық. Сол конвенция арқылы басқа мемлекеттердің салық органдарымен ақпарат алмасу арқылы ФАТКА деген келісімшарт бар сол арқылы, қазір ОЭСР-дің вебс деген бастамасы бар. Бұл да салықтан жалтару, ақшаны тығу сияқты осыған қарсы шаралар қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы