385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік әріптестік жаңа деңгейге көтерілді

  • 914
  • UPD: 23:07, 19.12.2017

2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Оған биыл Қазақстандағы Қытайдың туризм жЫлы әсер етті.

Оның аясында отандық туристік операторлар көрші елдің ірі қалаларын аралап, өз қызметтері мен тауарларын ұсынды. Бұл шара әлі де жалғасып жатыр. Биыл Қазақстанға көрші елден 100 мыңнан асам саяхатшы келген. Екі тараптың әріптестігін арттыруға бағытталған шаралар желтоқсанның 18-і күні Гуанжоуда өтті. Бұған дейін 20-ға жуық туристік компания өкілдері Шанхай қаласында болған еді. Ал ертең Бейжіңде Қазақстанның виза орталығы ашылады. 

Рысты Қарабаева, Евразиялық туризм қауымдастығының президенті:

- Бұрынғы жылдарды айтатын болсақ Қытай мен Қазақстан арасындағы туризм Қытай жағына қарай ғана дамыған болатын. Өйткені Қазақстаннан көбіне сол емделуге, шопинг турларға келетін де біздің Қазақстан елі Қытай туристерін қабылдап көрген жоқ. Осы 2017 жылдан бастап Қазықстандағы қытай жылы болғандықтан Қазақстанға туристер келе бастады.

Хабар 24 телеарнасы