388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылдан бастап кедендік рәсімдер электронды форматқа ауысады

  • 700
  • UPD: 15:25, 25.12.2017

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік 17 рәсімнің барлығы электронды декларацияға ауыса бастайды.

«Астана-1» пилоттық жобасы Қазақстанның барлық аймағына таралады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері бас қосқан жиында айтылды.

Айта кетейік, ең ірі кедендік транзит шараларына қатысты алғашқы пилоттық жоба осы жылдың қазан айында іске қосылды. Ал 2018 жылдың қаңтарынан экспорттық, ал ақпаннан импорттық ресімдеу жұмыс істей бастайды. Дегенмен 1 қаңтардан «Астана-1» жобасының ақпараттық жүйесін іске қосу мүмкін емес. Бағдарламаны тестілеуге қатысқан кәсіпкерлер жаңа жүйе 20-30 пайызға ғана дайын деп баға беріп отыр.

Болат Зүлпибеков, «Атамекен» ҰП жұмыс тобының мүшесі:

– Осы ақпараттық жүйе бойынша біз наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Күн сайын декларация теріп, жүйеге жіберіп жатырмыз. Жүйенің ішіндегі қателерді түзеп жұмыс тобына айтып жеткізіп жатырмыз. Бұл жүйе шетелдік болғаннан кейін біраз қиындықтар туғызып жатыр. Бізде Қазақстан кедендік салада заңнамалар басқаша дүние жүзіне қарағанда. Өйткені бізде Еуразиялық Одақ бар. Оның талаптары басқаша.

Ғұсман Әмрин, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

Алдын ала алған ақпарат автоматты түрде декларация болады. Сосын кедергі болмаса, автоматты түрде өзі шығады. Ол үлкен нәтиже. Бұрын жарты сағаттан артық болатын декларацияны қабылдап шығару. Қазір 15-16 минутқа. Дүние жүзіндегі тәжірибелерге жететін шығармыз. Кеден қызметтері жалпы 5 минуттың ішінде болады. Бірақ экономика саласындағылар кемшіліктеріңіз бар деп бізге айтып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы