378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр ел экономикасы 4 пайызға өсті

  • 654
  • UPD: 17:31, 11.01.2018

Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті.

Жалпы ішкі өнімнің артуына өнеркәсіп, инвестициялық белсенділік және ішкі нарықтағы жағдайдың тұтынушылық сұранысы әсер еткен. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Үкімет отырысында жауапты сала басшысы былтырғы экономикалық көрсеткіштерге кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, елімізбен сауда-саттық жасайтын серіктес мемлекеттерде жағдай жақсарды. Сондай-ақ әлемдік нарықта мұнай мен металл бағасы тұрақталды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі: 

– Өнеркәсіп өндірісі былтыр 7,1 пайызға артты. Көлік, байланыс және сауда салаларындағы ахуал жақсарды. Мұнай өндірісінің артуына байланысты тау-кен секторы көшбасшы орынға көтерілді. Индустрияландыру картасы бойынша 62 жоба жүзеге асырылып, 5 жарым мың жұмыс орны пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы