384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО компанияларды тіркеуді бастады

  • 395
  • UPD: 14:20, 16.01.2018

Астана халықаралық қаржы орталығы ресми түрде өз қызметіне кіріскендігін және компанияларды тіркеуді бастағанын хабарлайды.

Орталық жанындағы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет кірісті. Бұл құрылым инвестициялар мен активтерді, прайвит банкинг қорларды басқару және әкімші-лендіру, кас-тОдиандық қызметтер, исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ызметтердің сан алуан түрлерін, сондай-ақ өкілдік кеңселердің жұмыстарын лицензиялайды. Астана халықаралық қаржы орталығы  аясында коммерциялық құқығы қағидаттарына және Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттары негізделген дербес құқығы бар арнайы юрисдикция енгізілді. Коммерциялық және азаматтық дауларды қарастыратын Астана халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз соты және Халықаралық төрелік орталығы құрылды. Қаржы орталығы базасында әлемнің үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық биржа іске қосылды. Шанхай қор биржасы және NASDAQ AIX-тің стратегиялық серіктестері атанды. Астанаға халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдететін «Экспат орталығы» құрылды.  Астана халықаралық қаржы орталығы «бір терезе» жүйесін, оңайлатылған виза беру режимін, тіркеу, жұмыс істеуге рұқсат алу және басқа да рәсімдерді ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы