388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысы Татарстанмен бірқатар салада ынтымақтастықты дамытады

  • 799
  • UPD: 15:51, 20.01.2018

Қызылорда облысы Татарстанмен байланысты жан-жақты дамытпақ. Әсіресе ақпараттық технология және медицина мамандарын даярлауда ынтымақтаса жұмыс істеуге ниетті. Ауыл шаруашылығы өндірісі аясында да бірқатар келісімдер бар. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Татарстан Республикасына жасаған іссапары барысында мәлімдеді.

Тілі, әдет-ғұрпы жақын қазақ-татардың бауырластық байланысы ажыраған емес. Ал қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірі осы межені тағы бір сатыға көтеруге ниетті. Осы бағдарды ұстанған қызылордалық делегация ақпараттық технолгияның даму деңгейіне ден қойды. Бұл ретте Қазан қаласында мысал көп. Әлемдік бәсекеге ие IT паркін айтпағанда болашақ 150 мың тұрғынға арналатын инновациялық қалашық кемел келешектің негізіне айналғандай. Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстан жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін, осындай тәжірибенің маңыздылығы зор.

Руслан Шагалеев, Иннополис қалашығының мэрі:

- Ресейде ақпараттық технология мамандарының тапшылығы байқалады. Бұл қалашық осы олқылықтың орнын толтырады. Қазір шамамын 1 млн. Маман қажет десек, соны толық өтемегенмен, белгілі бір бөлігін қамтамасыз етемез. Ең бастысы бұл жоба өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді.

«Иннополис» қалашығы арманы ортақ, дарынды жастардың мекеніне айналып келеді. Бұл ортаның жүрегі ақпараттық технолгия мамандарын даярлайтын білім ошақтары. Қазірде мұндағы IT университетте білім алып жатқан 500 дей жастың 30-дан астамы қазақстандық. Ендігі кезекте Қазан қаласы маңындағы ииновациялық қалашықта Сыр жастары да білім алады. Оған облыс әкімдігі арнайы грант бөлмек. Қызылорда облысы IT мектеп, IT парк жобаларын да татарстандық үлгіде дамытуға ниетті. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Қазандағы IT-парктің құрылғанына 9 жылдан астам уақыт болды. Содан бері дәл осы жердегі «Бизнес инкубатор» орталықтары арқылы 50 астам жоба жүзеге асқан. Оның 10 пайыздайы шетелдік компаниялардың негізін қалауға түрткі болады.

Қызылорда өңірі Татарстандағы іргелі оқу орындарында медицина мамандарын даярлауды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ал Татарстан тарапы Қазақстандағы индустриялды-инновациялық бағдарламаның үлгісін енгізуге ниетте. Одан бөлек біздің елдегі бизнесті қолдау жүйесін зерделемек. Туризм саласында да екі өңірдің мүдделері бір арнада тоғысып тұр. 

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Ынтымақтастық әріптестікті дамыту үшін бірқатар салалар бойынша әлеуетіміз зор. Біздің мамандар қазір бірігіп арнайы жол картасын әзірлеуде. Онда әр қадамымыз нақтыланатын болады және оны көп ұзамай бегітеміз деп ойлаймын. 

Рустам Минниханов, Татарстан Республикасының президенті:

- Биыл Қыркүйек айына дейін біз аталған келісімдер бойынша кешенді шарлар жоспарына қол қоямыз. Бұл ретте Сыр өңірінің әлеуеті жоғары. Пайдалы қазбаға бай өңір. Аймақ қарқынды дамып келеді, инвесторлар тартуда. Татарстан Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты нықтай түспек.

Ауыл шаруашылығы өндірісі жүйелі жолға қойылған Ресей өңірімен Қазақстанның күрішті аймағы әртараптандыру бағытында да бірлесе іс бастауға келісті. Бұл ынтымақтастық меморандумдары қос тарап бірлесіп әзірлейтін кешенді шараның негізі болмақ. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы