385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен АҚШ келіссөздері инвестициялық ахуалға оң серпін береді

  • 482
  • UPD: 15:57, 20.01.2018
Қазақстан мен АҚШ келіссөздері инвестициялық ахуалға оң серпін береді

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп арасындағы келіссөз еліміздің инвестициялық ахуалына оң әсерін тигізеді. Сарапшылар осылай дейді.

Екі ел Президенттерінің кездесуі сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға да жаңа серпін береді.

Қазбек Майгелдинов, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері: 

- Бұл сапарда экономикалық қарым-қатынасты жандандыру келісілді. Былтыр 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда жалпы инвестиция көлемі аз болды. Сондықтан кездесу барысында инвестициалық ахуалды жақсарту туралы келісім нәтижелі болары сөзсіз. Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас жоғарғы технологиялар саласында дамитыны маңызды. Еліміздегі цифрландыру саясаты алдағы уақытта АҚШ тарапынан тартылатын инвестицияға негіз болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы