388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы жалғасын тапты

  • 2407
  • UPD: 10:53, 24.01.2018

Осы аптада екінші деңгейлі банктер жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдай бастады.

Бұл мақсатқа Үкімет биыл 8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Бұған дейін екі траншпен бөлінген 26 млрд теңге қаражат толық игерілген. «Бұл бағдарлама мемлекет пен банк жүйесінің және нақты жеке кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты нығайтты» дейді сала мамандары. Жалпы өткен жылы отандық автоөндіріс саласы үшін табысты жыл болды. Елімізде құрастырылған 19 мыңнан астап автокөлік сатылған. Бұл 2016 жылмен салыстарғанда 54%-ға  артық. Мамандар биыл да көлік сатылымы кемінде  25%-ға  ұлғаяды деп болжап отыр.

Олег Алферов, «КазАвтоПром» одағы басқармасының төрағасы: 

- Осы жылы отандық автоөндірісте өркендеу болады деп сенеміз. Яғни сатылым көлемінің артуына экономикалық негіз бар. Ол ең алдымен макроэкономикалық тұрақтылық. Сондықтан Қазақстанда құрастырылған танымал брендтердің сатылымы 60 мыңға жуықтауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы