384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк: биыл инфляция деңгейі 5-7% болады

  • 649
  • UPD: 22:24, 25.01.2018
Ұлттық банк: биыл инфляция деңгейі 5-7% болады

Былтыр Қазақстандағы инфляция деңгейі 7,1% болған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға төмен.

Бағалардың өсу қарқынының баяулауы инфляцияның барлық құрамдас бөліктерінде байқалған. Ұлттық банк болжауынша, инфляция биыл да төмендеуі тиіс. Қаржылық реттеуші 2018 жылы бұл көрсеткішті 5-7% нысаналы дәліз шегінде ұстауды көздеп отыр. Өткен жылы Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 4,7% өсіп, 31,1 миллиард долларға жеткен. Ал базалық мөлшерлеме 9,75% дейін төмендетілді. Былтыр ол 12 пайыз болған еді. Жыл қорытындысын жариялай келе Ұлттық Банк төрағасы былтыр зейнетақы қорынан бір теңге де шашау шықпағанын және зейнетақы төлемдерінің бірде бір рет кешіктірілмегенін айтты. Өткен жылы салымшылардың жинағы 16,4% ұлғайып 7,8 триллион теңгеге жуықтаған. Ал теңге құнының нығаюына келсек, Ұлттық Банк алдағы жылға болжам жасаған жоқ. Бірақ әлемдік тауар нарығындағы жағдайды мұқият бақылап отыруға және асығыс шешім қабылдамауға кеңес берді.  

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкі төрағасы:

- Теңгенің құнына әлемдік нарықтағы мұнай бағасы және бізбен өзара сауда-саттық жасайтын елдердің валюталарының бағамы әсер етеді. 2017 жылдың қараша айынан бастап, қазір де экспортерлердің валюталық табыстарын нарыққа үлкен көлемде сатып жатқанын байқап отырмыз. Олардың ұсыныстары сұраныстан асып тұр. Соның нәтижесінде теңгенің құны нығайып келеді.

Хабар 24 телеарнасы