386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бюджеттің ашықтығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингтің бел ортасында

  • 626
  • UPD: 12:02, 01.02.2018
Бюджеттің ашықтығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингтің бел ортасында

Былтыр жүргізілген зерттеуге 115 мемлекет қатысқан. Нәтижесінде  еліміз бюджет индексі бойынша 100 ұпайдың  53-ін жинаған.

Ал бюджет туралы толыққанды ақпарат берген Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Швеция, Норвегия, Грузия алғашқы бестіктен көрінді. Соңғы орынға Йемен, Катар, Венесуэла, Нигерия тұрақтаған.

Әсем Исағалиева «САНДЖ» зерттеу орталығының жоба үйлестірушісі:

– Қазақстан халықаралық бюджеттің ашықтық критерийлері бойынша 2015 жылғы 51 балдан 2017 жылы 100 ұпайлық шкала бойынша 53 ұпай алған болатын. Қазақстанның бюджет ашықтығын көтеру үшін Қазақстан ең бірінші жарты жылдық есебін жасауы керек және әлеуметтік-экономикалық болжамын жақсартуы керек.

Анар Қалиева, ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры:

– Әрине, бізде әлі кемшіліктер бар. Алдын ала бағалауда айтылып өтіпті, бюджеттің жобасы азаматтық бюджет түрінде жарияланбаған деп. Ол себеп біздің бюджеттің заңнамада ондай азаматтық бюджет деген болған жоқ. Осыны жақын арада ғана Парламент қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы