384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Грекия арасында байланыс бекемделе түседі

  • 774
  • UPD: 23:45, 05.02.2018

Қазақстан мен Грекия арасында ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері мен туризм салаларында байланыс бекемдей түседі.

Бұл туралы екі елдің бизнесмендері бас қосқан форумда белгілі болды. Осымен екінші рет өткен жиында бірнеше келісімшарт жасалады деп жоспарланған. Күннің алғашқы жартысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен гректің «СЭФ» компаниясы кәсіпкерлікті дамыту туралы келісімге қол қойылды. Ал түстен кейін қатысушылар өзара еркін форматта кездеседі. Басқосуға 20-дан астам грек компаниясының өкілі арнайы келді. 

Айта кетейік, дәл осындай форум осыған дейін 2016 жылы да ұйымдастырылған болатын. Ол кезде Грекияның 60-қа жуық компаниясы қатысып, кейін оның көбісі елге инвестиция құйды.

Нұралы Бөкейханов, Қазақстан ССП төрағасының орынбасары:

- Қазір Қазақстан мен Грекия арасынлдағы тауар айналымы 850 млн доллардан асып кетті. Оның басым бөлігі – бұл қазақстандық экспорт, шикізат өнімдері. Бірақ осыған қарамастан Қазақстанның өзге де өнімдерді экспорттау мүмкіндігі бар. Бұл ет өнімдері, біздің кәсіпкерлер де Грекияның ауыл шаруашылығына қызығады.

Хабар 24 телеарнасы