367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде кәсіпкерлік тексерістер азайтылады

  • 435
  • UPD: 11:32, 14.02.2018

Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру жөніндегі заңнамаға осындай өзгертулер енгізу көзделіп отыр.

Құжат бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қаралып жатыр. Бүгін жалпы отырыста Xалықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып депутат Мұxтар Ерман сайланды. Бұл қызметті бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев атқарды. Сондай-ақ кеше ғана Орталық сайлау комиссиясы депутат ретінде тіркеген Дарxан Мыңбай Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды.

Заң жобасына енгізілетін басты жаңалық алдын ала бақылауды енгізу болып табылады. Ол үшін 114 бақылау саласының 25-ін қысқарту көзделіп отыр. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл бақылау шаралары тиімсіз. 18 қадағалау саласының үшеуін жою қарастырылып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін тексеру талаптарын қысқарту ұсынылды. Осы сынды шараларды іске асыру нәтижесінде тексерулердің жалпы саны 30%-ға қысқартылады. Демек бизнес шығындары азая түседі деген сөз. Әрі бизнесті оңай жүргізу бойынша «Doing Business» рейтингінде еліміз 30-орынға көтеріледі. Қазір Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 36-орында тұр.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Осы категория бойынша: « Сенатта ЕАЭО елдерінің импорттық тауарын реттейтін заң жобасы талқыға түсті ҰЭМ кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы