374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰЭМ кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды

  • 390
  • UPD: 15:13, 14.02.2018
ҰЭМ кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды

Елімізде кәсіпкерлікті бақылау-қадағалау жүйесі өзгертіледі.

Тексеруші органдар кемшіліктерді анықтаған жағдайда бірден айыппұл салмай, алдымен ескерту жасайды. Олқылықтарды түзеуге уақыт береді. Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға осындай өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Бүгін тиісті заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қаралды. Сондай-ақ министрлік жеке тұрғын үйдің техникалық ережесін бекіткеннен кейін, әкімдікке барып арнайы басқармада тіркелуді алып тастауды ұсынды. Тек құрылыс талаптары сақталмаған жағдайда ғана тексеріс жүргізу керек деп санайды. Тимур Сүйлеменовтің айтуынша, бұл шара жемқорлықтың жолын кеседі. Себебі мемлекеттік органдардан қандай бір анықтама құжаттарын алу үшін көбіне пара беру жағдайлары анықталып жатады екен. Алайда Мәжіліс төрағасы екінші оқылымға дейін заң жобасында бұл мәселені қайта қарастыру керектігін тілге тиек етті. «Бастысы, азаматтардың қауіпсіздігі екенін айта келе, әсіресе сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылысты қадағалаудан қалып қалмайық», – деді.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу міндетін жүктей отырып, екі мәселеге баса назар аударды. Дамыған елдердің талаптарын сақтау керектігін айтты. Біріншіден, бизнеске түсетін ауыртпалықтарды азайта отырып, мемлекеттің негізгі басқару принциптерін жоғалтпау. Әрі әрбір азаматтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауда мемлекеттің жауапкершілігін төмендетпеу қажет. Әрине, бұл заң жобасын қабылдауымыз керек, бірақ Елбасының барлық тапсырмалары ескерілуі тиіс.

Осы категория бойынша: « Елімізде кәсіпкерлік тексерістер азайтылады Қазақстандық энергетиктер Тбилисидегі халықаралық форумға қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы