384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан АҚШ-ты өз аумағында теміржол транзитімен қамтамасыз етпек

  • 563
  • UPD: 17:41, 07.03.2018

Еліміз Ауғанстандағы тұрақтылықты қайта қалпына келтіру үшін Америка Құрама Штаттарын өз аумағымызда теміржол транзитімен қамтамасыз етпек.

Бүгін осы мәселеге қатысты Мәжілістің жалпы отырысында халықаралық құжат тұтастай мақұлданды. Қатысушылар аталған хаттаманы оң бағалап, оны ратификациялауды ұсынды. Атап өтейік, Қазақстан мен АҚШ Үкіметтері арасындағы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттама 2017 жылдың 21 қыркүйегінде Нью-Йоркте жасалған еді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Ауғанстандағы тұрақтылықты сақтауда өз үлесін қосып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, депутаттар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын сапалы заңдармен қамтамасыз етуге әзір.

Амангелді Дәуренбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл хаттама ҚР Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қосқан кезекті үлкен үлесі болып табылады. Осыған орай Ауғанстандағы тұрақтылықты ұстап тұруға біздің еліміз тағы қандай көмектер көрсетіп жатыр?

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Еліміз осы елге мектеп, ауруханалар сонымен қатар көпірлер құрылысына қаржы бөлген болатын. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында 1 мыңнан астам Ауған жастары білім алған еді. Қазір біз БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде осы елді дамытуға орасан зор үлесімізді қосып жатырмыз. Оның себебі – Елбасымыздың халықаралық аренадағы бірсыпыра бастамалары. Олардың негізгі бағыты – тұрақтандыру және бейбітшілік құру. Жалпы алғанда, Ауғанстан елі біздің Елбасыға, халқымызға деген ықыласын білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы