386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта бюджетті алдын ала бағалау механизмдерін қайта қарау ұсынылды

  • 531
  • UPD: 19:53, 15.03.2018

Сенатта қаржы министрлігінің өкілдері республикалық бюджетті алдын ала бағалау механизмдерін қайта қарауды ұсынды.

Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева әлемдік тұрақсыздық аясында бюджет пен ұлттық қорға ықпалы бар жаңа бастамалар көтеріп, негізінен ішкі резервке ғана қарап қазына қаржысын алдын-ала жобалау керек деп отыр. Себебі соңғы 10 жылда енгізілген бюджетті белгілеу элементтері көңілден шығып отырған жоқ дейді министрлік өкілдері.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

- Республикалық бюджетті алдын ала бағалау жүйесінің тиімді болғаны бізге жақсы. Себебі бюджет туралы заңды парламент қарайды. Бюджет қаржысының мақсатсыз пайдаланылмауына жол бермеу үшін, қаражатты нақты қажетті салаларға бағыттау үшін шығындар алдын-ала дұрыс пысықталғаны жөн.

Хабар 24 телеарнасы