384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл мемлекет меншігіндегі 20 нысан жекеге сатылды

  • 340
  • UPD: 14:03, 10.04.2018

Биыл елімізде мемлекет меншігіндегі 20 нысан жекеге берілді. Жоспар бойынша бірінші тоқсанда 45-і сатылуы тиіс болатын.

Үкімет отырысында осылай деген Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ауқымды міндеттің жүзеге асырылу барысын баяндады.

Сұлтановтың айтуынша, Қызылорда облысы әкімдігінің, «Ақтөбе», «Жетісу», «Орал», «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының нысандары мерзімінен бұрын сатылымға шығарылып отыр. Ал мемлекет меншігіндегі кәсіпорын акцияларына келсек бірінші тоқсан бойынша сауда-саттық қарқыны жаман емес. Бұл салада жекешелендіруге жататын 71 нысанның 13-і сатылған. Жалпы жауапты министрлік бірқатар заңнамалық өзгеріс енгізуді көздеп отыр.

Мәселен, бірінші аукцион немесе тендер кезінде нысан жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін.

«Сол арқылы бастапқы бағаны төмендетпей жекешелендіруді жылдам жүргізуге жол ашылады»,- дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы