389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысы салық түсімі бойынша елімізде көш бастады

  • 459
  • UPD: 13:16, 11.04.2018
Маңғыстау облысы салық түсімі бойынша елімізде көш бастады

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында салықтан 180 миллиард теңге түскен.

Нәтижесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекет қазынасы 55 миллиард теңгеге артты. Аймақ республикалық бюджеттің жоспарын 100,9 пайызға, ал жергілікті бюджет жоспарын 108,1 пайызға орындады. Жоғары көрсеткішке қол жеткізуге өңірдегі салық төлеушілердің саны мен олардың табысының көбеюі әсер етті. Салаға сандық технологияның енгізілуі де аймақтың көш басынан көрінуіне сеп болды.

Әлібек Тілегенов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Тек осы тоқсанның қорытындысымен ғана шектеліп қоймаймыз. Біз алдымызға меже қойып отырмыз, биыл өзіміздің құзырымыздағы бюджет, жергілікті бюджетті айта кететін болсақ, ол 131 миллиард теңгені біз биыл 133 миллиард теңгеге орындаймыз ба деп отырмыз. Яғни былтырғымен салыстырғанда 10-15 миллиард артығымен орындаймыз.

Хабар 24 телеарнасы