387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Сарабеков: Теңге бағамы тұрақталады

  • 517
  • UPD: 22:02, 11.04.2018

Теңгенің құлдырауына негіз жоқ. Сарапшылар осылай дейді.

Өйткені қазір мұнайдың бағасы көтеріліп, экономика тұрақты өсіп келеді. Ұлттық валютаның аз-маз құнсыздануы тек рубль бағамының өзгеруіне ғана байланысты. 

Сергей Домнин, Әлемдік экономика және саясат институтының бағдарламалар жетекшісі:

- Соңғы үш күнде теңге небәрі үш жарым пайызға құнсызданды. Ал рубль болса, 10 процентке. Демек, бұл теңгенің Ресей валютасына тікелей байланысты емес екендігін көрсетеді.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Бүгінде байқап отырғандай, рубльдің биржадағы өзгерістерден кейін теңгенің бағамы да өзгеріп жатыр. Бірақ меніңше, бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Ұзақ мерзімде теңгенің бағамы тұрақталады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы