384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсу ферроқорытпа зауыты металдың 35 миллионыншы тоннасын балқытты

  • 1145
  • UPD: 22:02, 14.04.2018

Металлургтер бұл жетістікті кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына  арнады.

Қара металлургияның алыбы хром, кремний, марганец қорытпаларын балқытады. Ақсуда шыққан қорытпалар  Жапония, Корея, Еуропа елдерімен қатар АҚШ-қа экспортталады. Қазақстанда өндірілетін ферроқорытпаның 60 пайызы Ақсудың металлургиялық зауытына тиесілі. Соңғы жылдары кәсіпорын кең ауқымды жаңарудан өтті. Нәтижесінде жылына миллион тоннадан астам ферроқорытпа өндіру мүмкіндігі туды. Салыстыра кетсек,  бұрын бір миллион тонна өнім алу үшін зауытқа  алты жыл  керек болатын. Мерейтойлық ферроқорытпа екінші балқыту цехының 21-пешінде өндірілді. Кәсіпорынның алғашқы өнімі – ферросилиций дәл осы пеште балқытылған. Бұл  35 миллионыншы тонна өнім таяуда шетелдік тұтынушыға жол тартады.

Азамат Толымбетов, ферроқорытпа зауыты директорының орынбасары:

- Біздің өнім әлем нарығына тарайды. Қытайдан бастап, Еуропа және Америкаға дейін барады. Инвестициялық саясат өндірісті жаңғыртуға және әлемдік деңдейдегі ферроқорытпа нарығында көшбасшылықты сақтап қалуға жағдай жасайды.

Хабар 24 телеарнасы