386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде игерілмеген бюджет сомасының басым бөлігі Қорғаныс министрлігіне тиесілі

  • 471
  • UPD: 23:19, 17.04.2018

Елімізде валюта нарығындағы жағдай тұрақталды. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Ресей рублінің әлсіреуінен теңге бағамы құбылғанымен қазіргі уақытта жергілікті қор нарығындағы ахуал ойдағыдай. Біздегі макроэномикалық көрсеткіш теңгені тұрақтандыруға оң ықпалын тигізді. Биыл елімізде жалпы ішкі өнім көлемі 4,1 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда жарты пайызға өсім бар. Оған өнеркәсіп, ауыл шарауашылығы мен қызмет көрсету салаларының даму қарқыны тікелей әсер етті.  Әсіресе қағаз өндірісі,  химия және фармацевтика өнеркәсібі салалары қарқын алған. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады. Соңғы уақытта халықтың тұтынушылық сұранысы артып, қызмет көрсету саласы шамамен 4 пайызға көбейген. Ел экономикасына құйылған инвестиция көлемі 40 пайызға артты. Оған Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылуы да септігін тигізген.   

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Негізгі капиталға салынған инвестиция  39,5 процентке ұлғайды. Мұндай өсім ПетроҚазақстанолпродекШымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртумен Теңіз кен орында болашақта кеңею жұмысын іске асырумен байланысты. Инвестициялық салымдар транспорт саласында 58,5 порцентке, құрылыста 57,2 прооцентке, өнеркәсіпте 51,6 процентке және саудада 47,3 процентке ұлғайды. 

Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бюджеттің орындалу барысын хабарлады. Оның айтуынша, шығыс көлемі 2 триллион теңгеден асқан. Қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалған. Дәлірек айтқанда халықты жұмыспен қамтуға, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті қолдауға, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы 95 млрд теңге жұмсалмай қалған. Оның 6 жарым млрд үнемделген қаражат, ал қалғанын ведомстволар игермеген. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Осы соманың 62 млрд теңгесі қорғаныс министрлігінде қалыптасты. Басты себебі мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың 12 ақпанда ғана бекітілуіне байланысты конкурстардың кеш өткізілуі. Қалған 20 млрд теңгесі мәдениет және спорт министрлігі, ішкі істер министрлігі, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, әділет министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қалыптасты. Осы проблеманы біз жыл сайын көтереміз. Бірақ айтылған мемлекеттік мекемелердің қаржылық жоспарлау мен атқару дисциплинасы жылдан жылға қайталанып отыр.

Хабар 24 телеарнасы